Өрнек үлгілері
- жай өрнек: 1+2
- өрнекке тұрақты/айнымалыны қою: pi
- функцияның мәнін есептеу: sin(0)
- айнымалыны белгілеу: a=3.5
- функцияны белгілеу: f(x)=x^2-1
- жақшалар: (1-x)^2
Әріптері бар өрнекті енгізу үшін (sin(x) сияқты) негізгі пернетақтада ⇳ пернесін басыңыз. Ол әріптер пернетақтасын көрсетеді және жасырады.
Алдын ала белгіленген функциялар
Логарифмдер мен дәрежелеу
- sqrt(x): шаршы түбір; x^0.5
- cbrt(x): текше түбір; x^(1/3)
- exp(x): экспонента; e^x
- log(x), ln(x): натурал логарифм
- log2(x), lb(x): екілік логарифм
- log10(x), lg(x): ондық логарифм
- log(негізі,x): негізі берілген сан болатын логарифм
Тригонометрия - радиандық өлшем
- sin(x), cos(x), tan(x)
- asin(x), acos(x), atan(x)
Тригонометрия - градустық өлшем
- sind(x), cosd(x), tand(x)
- asind(x), acosd(x), atand(x)
Гиперболалық функциялар
- sinh(x), cosh(x), tanh(x)
- asinh(x), acosh(x), atanh(x)
Басқа
- gcd(x,y): ең үлкен ортақ бөлгіш
- comb(n,k): терулер
- perm(n,k): орналастырулар
- min(x,y), max(x,y)
- floor(x), ceil(x)
- abs(x): модуль
- sign(x): санның белгісі
- rnd(): [0,1] аралығындағы кездейсоқ сан
- rnd(max): [0, max] аралығындағы кездейсоқ сан
- gamma(x): (x-1)!
- mod(x,y): бөлудің қалдығы
Кешенді сандар
i не j - жорамал бірлік. Мысалы:
Операторлар
- + - × ÷ арифметикалық амалдар
- ^ дәреже
- % пайыз
- ! факториал
- # бөлудің қалдығы
- √ шаршы түбір
- ' бірінші ретті туынды
Кеңестер
- Жақшалар: алдыңғы және соңғы жақша жазбауға болады, яғни 1+2)(3+4 деген өрнек жарамды.
- Көбейту: қысқартылған өрнек бірмәнді болатын болса, көбейту белгісін қою міндетті емес: 3π+2(1+2)
- Өрнек жалғастыру: жаңа өрнекті оператордан (- белгісінен басқа) бастасаңыз, оның алдына ans деген, яғни соңғы есептің нәтижесі автоматты түрде қойылады.
- Тазарту: енгізілген жолды жылдам өшіру үшін Enter пернесін басыңыз.
- Санның стандартты түрі: 1e3 деген 1000 білдіреді.
- Бұрыштар: радиан орнына градустық өлшем керек болса, sind(90) не sin(90deg) қолданыңыз.
- Трекболды жоғары/төмен бұрап, тарихты шарлау мүмкін.
- Тарихтан бір жазбаны өшіру үшін оны түртіп, ұстап тұрыңыз.
Туынды
Бір аргументі бар функцияға штрих қосып, оның бірінші ретті туындысын есептей аласыз: log'(5).
Штрих белгісі функция аты мен ашушы жақшаның арасында болуы керек.
Туындының графигін салуға болады: sqrt'(x).
Өрнек туындысын есептеу үшін оны аталған функция ретінде белгілеу қажет: мысалы, f(x)=x^3+x^2+1, келесі жолда f'(x).
Бірнеше функциясы бар график
Бір 2D-графикте бірнеше функцияны сызу үшін оларды бір жолда жазып, ";" белгісімен бөліңіз. Мысалы, x;x^2;2
Екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелері
Санның алдына 0b, 0o немесе 0x дегенді қойып, оны екілік, сегіздік не оналтылық түрде енгізе аласыз, мысалы:
- екілік: 0b1010
- сегіздік: 0o17
- оналтылық: 0x100
Қазіргі кезде кері амалды орындау, яғни есептеу нәтижесін ондық емес түрде көрсету мүмкін емес.
Arity туралы
Arity калькуляторын Mihai Preda жасаған. Бұл қосымшаның бастапқы коды ашық болып, "Arity" арифметикалық кітапханасын қолданады. Есептеріңіз сәтті болсын!